Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Колледжде қонақта - Кинделан

2025 жылғы 11 қыркүйегінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжіне қонаққа Кубаның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Марио Сесар Кинделан Меса келіп, колледждің «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы студенттеріне шеберлік сағатын өткізді. Кубалық әуесқой боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы және Панамерикандық ойындардың екі дүркін чемпионы Марио Сесар мырзаның колледжімізге келіп, бокста меңгерген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп шеберлік сағатын өткізуі біздің спортшыларымыз үшін үлкен әсер қалдырды. Халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу мақсатындағы шара студенттерімізге үлкен жетістіктерге ұмтылуға мотивация болды деген сенімдеміз

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 11 қыркүйек
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 11 қыркүйек
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 11 қыркүйек
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 11 қыркүйек
Тағы бір жетістік

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждер арасында футзалдан өткен турнирде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамы: Туманов Степан(WEB-24-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Қуаныш Дінмаұхаммед (Қ-23-1), Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2/11/), Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Рахатжан Нұршахар (ДМ-24-3), Рахимбеков Мухаммед (ФК-24-2), Есенгелдин Аслан (ФК-24-2), Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3). Жетекшісі Манат Абзал Ержанұлын және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/