Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Колледж студенттері - “Worldskills -2025” чемпионатында жеңімпаздар қатарында

2025 жылғы 11 маусым күні облыстық “Worldskills -2025” чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі студенттері чемпионаттың бірнеше құзыреттіліктері бойынша жеіңмпаз атанды. Олар:
1. Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша Нурмагамбетова Аружан (Сарапшысы
Бакижанова Ж.М.) жүлделі 1-орын;
2. Мобильді робототехника құзыреттілігі бойынша Совет Мансур, Ғалымжан Әділжан (Сарапшысы Балапан Х.) – жүлделі 1-орын;
3. ⁠Қонақ үй қабылдаушысы құзыреті бойынша Куралова Дильназ (Сарапшысы Муканова И. Е.) – жүлделі 1-орын;
4. Мобильді қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Бейсен Алан (Сарапшысы Манашева М.С.) – жүлделі 2-орын;
5. Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігі бойынша Укибаева Гуллазат (Сарапшысы Еркинова З.А.) кәсібилігі үшін медальон иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен олардың сарапшыларын құттықтаймыз! Біз Сіздермен мақтанамыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 12 маусым
ҚР чемпионатынан жеткен тағы бір жағымды хабар

Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында футболдан өтіп жатқан “Ұлттық спорттық лига” республикалық спартакиадасында Қарағанды “ Bolashaq” жоғарғы колледжінің футбол командасы 22 мамыр күні Түркістан облысының қарсылас командасын 8:2 есебімен жеңді. Студенттеріміздің жеңіс тұғырынан табылуын тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 12 маусым
Халықаралық чемпионатта - 1-орын

13.05.2026ж.-22.05.2026ж. күндер аралығында Көкшетау қаласында өткен «Dosti Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек, Мұхамбет Ғани жүлделі 1-орын иеленді. Аталмыш құзыреттілік бойынша 5 елден 14 команда қатысқан бәсеке өте тартысты өтті. Жеңімпаздарымызға жетекшілік еткен, сонымен қатар байқауға сарапшы ретінде қатысқан директордың ақпараттандыру технологиясы жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің оқытушысы А.Т.Тусупбаевты және жеңімпаздарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 12 маусым
"Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан жүлделі орын иеленді

Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 мамырда колледж студенттерінің арасында өткен облыстық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің "дене мәдениеті және спорт" мамандығының ДМ-24-1 тобының студенті Ерғанатұлы Бекнұр жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен жетекшісі А.К.Бекмағамбетті құттықтаймыз.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 12 маусым
КВН тұғырында

2026 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының кубогы Жайдарман ойындарының орыс лигасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған «Красти Крабс» КВН командасы жүлделі 3-орын иеленді. Сонымен қатар ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган «Мистер КВН» номинациясын иеленді. Команда құрамында ойын көрсеткен студенттерімізді мақтанышпен атап өтейік:ФК-25-2 тобының студенттері Королев Артем, Кузнецова Полина, Бельгибай Арыстанбек, Строкина Нина, Котова Алиса, Батишова Татьяна, ФК-25-4 тобының студенттері Ягудинова Диляра, Словестникова Арина, Ялымова Вилена, Рыксиев Темир, ПР-25-2 тобының студенті Махмудов Фаган. Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшісі, «Жігер» СП координаторы Жәмелова Д.А. құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/