2025 жылдың 27 мамыры күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» дәрісі өтті. Дәрісті Қарағанды облысының №1 студенттер емханасының акушер-гинекологі Рүстембекқызы Жансая оқыды. Онда ерте жүктіліктің пайда болу жолдары, салдары, жүктіліктің алдын алу жолдары, жыныстық қатынастар нәтижесінде пайда болатын жұқпалы аурулар туралы ақпарат берілді. Ақпарат жан-жақты, толық ұсынылды. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Дәріске жалпы саны 86 студент қатысты.
Ерте жүктіліктің алдын алу
