Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Жүлделі оралды

2025 жылғы 6 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенті Амангелді Аида Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағыновтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасынан жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен оның бабын келістірген жетекшісі, колледж оқытушысы Иманбеков Қайрат Берікболұлын құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 8 мамыр
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 8 мамыр күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуына орай "Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысы жылдарында" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Кураторлық сағат барысында Ұлы Отан соғысының отты жылдарытарихына шолу жасалып, жеңіске жетуге үлес қосқан қазақстандықтардың өмірлері мен ерліктері аталып өтті.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 8 мамыр
Тағы да бір жүлде

2025 жылғы 6 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті Токенова Сабина Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қалам мен қаруды бірге ұстағандар» атты Қарағанды облысы жастары арасында өткен облыстық байқаудың «Үздік көркемсөз шебері» номинациясы бойынша жүлделі 1-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен оның бабын келістірген жетекшісі, колледж оқытушысы Жолкенова Гулзада Жолкеновнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 8 мамыр
Жүлделі оралды

2025 жылғы 6 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенті Амангелді Аида Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағыновтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасынан жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен оның бабын келістірген жетекшісі, колледж оқытушысы Иманбеков Қайрат Берікболұлын құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 8 мамыр
Колледж мерейтойымен құттықтау

"Астаналық сапа және метрология орталығы" менеджмент жүйелерін сертификаттау органының басшысы Елена Сергеевна Булатова және жетекші маман Александра Александровна Агаркова Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Құттықтауында олар колледж өзінің белсенді ұстанымы, жоғары кәсібилік деңгейі және білім беру сапасына деген адалдығының арқасында өңірдегі маңызды білім беру мекемесіне айналғанын және білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Елена Сергеевна жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, сенімге, кәсібилікке және кемелдікке ұмтылуға негізделген серіктестік қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Ол колледж ұжымына білім беру бастамаларын іске асыруда одан әрі табыстар, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, тұрақтылық, болашақ мамандарды даярлау ісінде шабыт пен өшпес қуат тіледі.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/