Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«JasSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

2025 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды қаласы білім бөлімінің қолдауымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің үйымдастыруымен Қарағанды қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін «Мобильді робототехника» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттіліктері бойынша «JasSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Мақсаты - кәсіптік бағдар беру жұмысының алдын алу нысандары үшін жағдай жасау; IT бағыттары бойынша жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру.
Нәтижесінде: «Мобильді робототехника» құзіреттіліктері бойынша М.Жұмабаев атындағы гимназия оқушылары Хамитов Сүлеймен, Махмутов Саят 1-орын, Шәкәрім атындағы гимназия оқушылары Базарбек Имранали, Сұлтан Шахнияр 2-орын, №20 НО мектебінің оқушылары Алескеров Исмаил, Наумов Ратмир 3-орын иеленді. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттіліктері бойынша Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі оқушылсы Сәкенов Алдияр 1-орын, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушысы Дауылбай Айғазы 2-орын, Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі оқушысы Абумүсілім Асылхан 3-орын, №86 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Джакупова Айбарша сертификатқа ие болды. Шараны ұйымдастырған - колледж оқытушылары Тусупбаев А.Т., Елибаева-Мухтар А.М.,Сырбаева Н.Б.,Манашева М.С..

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 мамыр
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 мамыр
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 мамыр
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 мамыр
Тағы бір жетістік

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждер арасында футзалдан өткен турнирде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамы: Туманов Степан(WEB-24-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Қуаныш Дінмаұхаммед (Қ-23-1), Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2/11/), Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Рахатжан Нұршахар (ДМ-24-3), Рахимбеков Мухаммед (ФК-24-2), Есенгелдин Аслан (ФК-24-2), Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3). Жетекшісі Манат Абзал Ержанұлын және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/