"Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Мамандықтар әлемін ашамыз!" атты республикалық форумның облыстық кезеңінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері жүлдегерлер атанды. Атап айтсақ, "Менің кәсібім - менің бизнесім" номинациясында Кабдылкаримова Раянна (жетекшісі Муканова И.Е.) жүлделі 3-орын иеленсе, "Жас мобилограф" номинациясы бойынша Ерғанатұлы Бекнұр (жетекшісі Кабылова М.Б.) жүлделі 2-орын иеленді. Құттықтаймыз!
"Мамандықтар әлемін ашамыз!" байқауынан жүлдегер атандық
