Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде экологиялық сауаттылық апталығының аясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Қамқор" жобасының презентациясы ретінде ""Қоғамдық қызмет ету" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта волонтерлік қызметтің мақсат-міндеттері, қоғамдағы маңызы, тұлғалардың азаматтық ұстанымдары, патриоттық сезімдері туралы әңгіме өрбіді. Шараны колледж оқытушысы Ахамбаева Жадыра Тлеуғабылқызы өткізді. Қамтылған студенттер саны - 35.
"Қоғамдық қызмет ету" тақырыбында волонтерлік қызметке шолу жасалды
