Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Жыл үздіктері анықталды

2025 жылдың 31 наурызы күні Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 25 жылдық мерейтойына орай өткен дәстүрлі «BOLASHAQ JULDYZDARY» фестивалінде 2024-2025 оқу жылында жетістікке жеткен «Жыл үздіктері» марапатталды. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Шабыт" жобасын жүзеге асыруда шығармашыл жастарды қолдау, ынталандыру мақсатында өткен фестивальдің жеңімпаздарын атап өтейік: 
 «Жылдың үздік спортшысы - 2025» иегері - ДМ-23-1 тобының студенті Жазкен Ерназ; 
«Жылдың үздік жайдарман тобы - 2025» иегері - «Dem-al» жайдарман командасы; 
«Жылдың үздік көркемсөз оқушысы - 2025» иегері - ҚӘ-22-1 тобының студенті Төкенова Сабина; 
«Жылдың үздік пікір сайысшысы - 2025» иегері - ИН-22-2 тобының студенті Игнатенко Мария; 
«Жылдың үздік әншісі - 2025» иегері - ДМ-24-3 тобының студенті Сайпил Алишер; 
«Жылдың үздік бишісі - 2025» иегері - ИН-22-2 тобының студенті Гаранина Арина; 
 «Жылдың үздік тобы - 2025» иегері - ҚӘ-22-1 тобы, топ кураторы Сұлтанбекова Аида Кайржанқызы, топ төрайымы Боранқұлова Айым; 
Соынмен қатар жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік студент» байқауының да қорытындысы жарияланды. Бұл байқау тек өнерде ғана емес, сонымен қатар білімде де үздік көрсеткіш көрсеткен студенттерді ынталандыру мақсатында өтеді. Сондай-ақ, «Үздік студент» атанған білім алушылардың есімдері колледждің Құрмет кітабына енгізілетін болады. Сонымен: 
 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» БМ-23-3 тобының студенті Төлегенова Іңкәрім; «Құқықтану» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» Қ-23-1 тобының студенті Медетова Арайлым; «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» ӘЖ-23-1 тобының студенті Ермекқызы Мадина; «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» Р-22-2 тобының студенті Куаныш Таскын; «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» БҚҚ-23-1 тобының студенті Мұханбет Ғани; «Есеп және аудит» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» - Е-23-1 тобының студенті Бейбитова Мариям; «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» - МБ-23-1 тобының студенті Укибаева Гуллазат; «Шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» - ШТ-22-1 тобының студенті Асылхан Жантөре; «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» - ДМ-23-1 тобының студенті Түсіпжанова Наргиза; «Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» - ТЖЭ-23-1 тобының студенті Нәсіпжанов Әлібек; «Информатика мұғалімі» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздік студенті» - ИНФБ-23-1 тобының студенті Таутай Тайырхан. Ал «Колледждің ең үздік студенті - 2025» атағын «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің ҚӘ-22-1 тобының студенті Тикенова Анел иеленді. Құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 3 сәуір
Тағылымды кездесу

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Жас қаламгер" жобасы мен "Кітап оқитын ұлт" жобасын жүзеге асыру бойынша әдебиетке құмар, жас қаламгер студенттермен кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жас қаламгер" жобасының модераторы Асхат Қажытай жүргізді. Кездесу еркін форматта өткізілді. Онда студенттер өз оқыған кітаптарымен, сүйікті жазушыларымен, кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісті. Асхат Қажытайұлы кітапты оқуға қызығушылықты арттыру жолдарымен, өзінің кітап оқудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 сәуір
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Наркомания және оның салдары" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті студенттерге құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері, колледждің құқықтану пәнінің оқытушылары Конакбаева А.Д., Омарова А.К., Сагимбекова А.Б. өткізді. Дәріске тартылған топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, БҚҚ-25-1, Қ-25-1, НО-25-2, ВЕБ-25-2, РПО-24-2, ВЕБ-24-2, ТИБ-23-2, ДМБ-25-1, ДМБ-23-1, БМ-24-1, БМ-24-3, БМБ-24-1, МБ-24-1, М-24-1, ИНФБ-23-1, ДМЖ-23-1, ИНФБ-24-1, МБ-23-1.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 сәуір
Құрметті әріптестер!

Бүгін ұлық мереке — Ұстаздар күні. Бұл мереке - ел іргесін нығайтар ұрпақ тәрбиелейтін жандардың мерекесі, өз уақытын аямайтын, шәкірт бақытын аялайтын жайсаңдардың мерекесі. Осындай ерекше күнде барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отырып, күш-жігерлеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және қиын болған кезде де бағыт-бағдар нұсқай білгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздық оңай мамандық емес, бірақ сол жолдың қызығы мен қиындығын бірге көтеріп жүрген Сіздерге қажырлы қайрат, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Ізгі тілекпен, Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 сәуір
Тағы да бір жеңіс

2025 жылғы 1 қазан күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен күзгі әскерилендірілген кростан облыстық жарыста Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері Манарбек Алдияр (ДМЖ-24-1) жүлделі 2-орын иеленсе, Дарханқызы Ханшайым (ШТ-25-1) жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жетекшілері - АӘД пәнінің оқытушысы Бұғыбай Айдос Азаматұлы. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/