Сүйінші!
Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының 3-курс студенті Асылхан Жантөре республикалық “WORLDSKILLS 2024” байқауынан жүлделі 3-орын иеленді. Байқауға Семей, Павлодар, Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларынан “WORLDSKILLS 2024”аймақтық чемпионатының жеңімпаздары қатысты. Байқау Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде өтті. “EUROSKILLS 2025” халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына іріктеу кезеңі қыркүйек айында Данияда өтетін болады. Жеңімпазымыз Жантөре мен оның жетекшісі Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовнаны құттықтаймыз!
Толығырақ