Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Қазақ жазуы: латынға негізделген графика» тақырыбында тренинг өтті

2025 жылғы 25 ақпанда Қарағанды «Bolashаq» жоғарғы колледжінде қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында «Қазақ жазуы: латынға негізделген графика» тақырыбында тренинг өткізілді. Шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенттері қатысты.
Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Ж.Р. Жақанова өткізген тренинг барысында жазудың маңызы, қазақ жазуының қалыптасу тарихы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ежелгі түркі дәуірінен бастап қазіргі заманға дейін қолданылған және қолданыстағы жазу түрінің ерекшелігі туралы айтылды.
Тақырып аясында қозғалған мәселелер сұрақ-жауап түрінде талқыланып, қатысушылар өз ойын ортаға салып, белсенді қатысып отырды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық байқауына іріктеу кезеңі

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық байқауына іріктеу кезеңі 2025 жылғы наурыздың 5-і күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты облыстық байқауына іріктеу кезеңі өтті. Нәтижесінде 1-орынды ҚӘ-24-1 тобының студенті Амангелді Аида, 2- орын Е-22-1 тобының студенті Сайрам Береке, 3-орын Е-23-1 тобының студенті Бейсембай Толғанай иеленді. Облыстық кезеңге жолдама алған Аидаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
Тәрбиелік мәні терең фильм

Тәрбиелік мәні терең фильм Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ҚӘ-23-1 тобы (кураторы Иманбеков К.Б.), ТЖЭ-24-1 мен Веб-24-1 топтары (кураторы Жанкуатова А.Б.) "Болмаған балалық шақ" фильміне барып, үлкен әсермен оралды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
Сүйінші!

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының 3-курс студенті Асылхан Жантөре республикалық “WORLDSKILLS 2024” байқауынан жүлделі 3-орын иеленді. Байқауға Семей, Павлодар, Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды ​​қалаларынан “WORLDSKILLS 2024”аймақтық чемпионатының жеңімпаздары қатысты. Байқау Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде өтті. “EUROSKILLS 2025” халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына іріктеу кезеңі қыркүйек айында Данияда өтетін болады. Жеңімпазымыз Жантөре мен оның жетекшісі Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
«Үздік мамандық иесі» жобалар байқауы

2025 жылдың 26 ақпанында студенттер арасында ғылыми - әдістемелік бөлімнің басшысы Капанова И.Х басшылығымен және әдіскер Ахатова А.А ұйымдастыруымен «Үздік мамандық иесі» атты студенттер жобасы өтті. Жоба жеті секцияға бөлінді.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/