Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Облыстық жарыстан жүлделі оралды

2025 жылғы 18 ақпанда колледж студенттерінің 1 дивизионы арасында Президенттік көпсайыстың қысқы түрлері бойынша облыстық жарыста Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің қыздар командасы жүлделі 3-орын иеленді.
Команда құрамында ойнаған студенттеріміз: Ворошилова Валентина(ФКТ-24-2/11), Миналова Нигина(ФК-21-4), Левина Арина(ФК-23-2), Кристева Ксения(ФК-21-4), Бондаренко Милана(ФКТ-23-2) және олардың жетекшілері И.Ж.Агибаев, А.А.Бұғыбайды жеңістерімен құттықтаймыз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық байқауына іріктеу кезеңі

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық байқауына іріктеу кезеңі 2025 жылғы наурыздың 5-і күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты облыстық байқауына іріктеу кезеңі өтті. Нәтижесінде 1-орынды ҚӘ-24-1 тобының студенті Амангелді Аида, 2- орын Е-22-1 тобының студенті Сайрам Береке, 3-орын Е-23-1 тобының студенті Бейсембай Толғанай иеленді. Облыстық кезеңге жолдама алған Аидаға сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
Тәрбиелік мәні терең фильм

Тәрбиелік мәні терең фильм Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ҚӘ-23-1 тобы (кураторы Иманбеков К.Б.), ТЖЭ-24-1 мен Веб-24-1 топтары (кураторы Жанкуатова А.Б.) "Болмаған балалық шақ" фильміне барып, үлкен әсермен оралды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
Сүйінші!

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Шетел тілі мұғалімі” мамандығының 3-курс студенті Асылхан Жантөре республикалық “WORLDSKILLS 2024” байқауынан жүлделі 3-орын иеленді. Байқауға Семей, Павлодар, Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды ​​қалаларынан “WORLDSKILLS 2024”аймақтық чемпионатының жеңімпаздары қатысты. Байқау Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде өтті. “EUROSKILLS 2025” халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына іріктеу кезеңі қыркүйек айында Данияда өтетін болады. Жеңімпазымыз Жантөре мен оның жетекшісі Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовнаны құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 наурыз
«Үздік мамандық иесі» жобалар байқауы

2025 жылдың 26 ақпанында студенттер арасында ғылыми - әдістемелік бөлімнің басшысы Капанова И.Х басшылығымен және әдіскер Ахатова А.А ұйымдастыруымен «Үздік мамандық иесі» атты студенттер жобасы өтті. Жоба жеті секцияға бөлінді.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/