Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық байқауының облыстық кезеңіне іріктеу өтті

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде ағымдағы жылдың 10-15 ақпан күндері аралығында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық байқауының облыстық кезеңіне іріктеу жүргізілді. Іріктеу қашықтықтан өтті. Іріктеу талаптары бойынша республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздар; WorldSkills жеңімпаздары; облыстық деңгейде еріктілер қатарында болып, түрлі шараларға белсенді қатысқан еріктілер; «Жігер» СП-нің белсенділері; спортта жоғары көрсеткіштерге жеткен төмендегі студенттер облыстық кезеңге жолдама алды:
1. Асылханов Жантөре – ШТ-22-1 тобының студенті, WorldSkills жеңімпазы, колледж белсендісі;
2. Совет Мансур – БҚҚ-22-1 тобының студенті, WorldSkills бірнеше мәрте жеңімпазы.
3. Тикенова Анель – ҚӘ-22-1 тобының студенті, «Жігер» СП-нің президенті, облыстық көркемсөз оқу байқауларының жеңімпазы;
4. Елеусизова Мадина – Қ-22-1 тобының студенті, «Жігер» СП-нің еріктісі, «Sunny» волонтерлік орталығының, «Шаңырақ» орталығының мүшесі.
5. Темиргалиева Назерке - ДМ-23-1 тобының студенті, спорттан әлем чемпионатының, Қазақстан чемпинатының бірнеше дүркін жүлдегері.
Студенттерімізге облыс кезеңде оза шауып бәйге алуын тілейміз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
Тағы бір жетістік

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждер арасында футзалдан өткен турнирде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамы: Туманов Степан(WEB-24-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Қуаныш Дінмаұхаммед (Қ-23-1), Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2/11/), Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Рахатжан Нұршахар (ДМ-24-3), Рахимбеков Мухаммед (ФК-24-2), Есенгелдин Аслан (ФК-24-2), Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3). Жетекшісі Манат Абзал Ержанұлын және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/