Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде шет тілдері апталығының салтанатты жабылуы өтті. Апталық барысында студенттер мен оқытушылар өздері оқып-зерттеп жатқан шет елдерінің атмосферасы мен мәдениетіне қанықты. Апталық аясында келесі шаралар өтті: “Soft Skills – путь к успеху” қабырға газеті байқауы, ағылшын тілі олимпиадасы, “My Profession” бейнероликтер байқауы; “ Disney Magic on Stage!” сахналық ертегілер байқауы. Аптаның соңындағы қорытынды іс-шара мүлдем ерекше эмоцияларға толы болды. Ұстаздар “Жастар жаргоны” тақырыбындағы көңілді викторинада өз білімдерін көрсетті, сонымен қатар кеш соңында олимпиада және байқау жеңімпаздары марапатталып, аптаның үздік сәттерінен бейнеролик көрсетілді. Шет тілдері апталығы қатысушыларға жаңа білім, жағымды эмоциялар мен шет тілдерін үйренуді жалғастыруға мотивация берді. Белсенді қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Шет тілдер апталығы қорытындыланды
