Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

2024-2025 оқу жылы 1-семестрінің оқу қызметі қорытындыланды

2025 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "2024-2025 оқу жылы 1-семестріндегі оқыту қызметінің қорытындысы туралы" дәстүрлі педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Бөлімдегі оқыту қызметінің қорытындысы;
2. Оқудан шығару және академиялық қалыстар;
3. Коммерциялық негізде оқитын оқу озаттарына жеңілдіктер беру мәселесі;
4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бос орындарды игеру.
5. Жұмысшы мамандығы туралы ақпарат беру.
Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралды. Сонымен қатар колледж ұжымына 2025 жыл – жұмысшы мамандығы жылы туралы айтылып, соған сәйкес жоспарланған жұмыстармен таныстырылды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 5 ақпан
Тағы бір жетістік

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждер арасында футзалдан өткен турнирде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамы: Туманов Степан(WEB-24-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Қуаныш Дінмаұхаммед (Қ-23-1), Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2/11/), Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Рахатжан Нұршахар (ДМ-24-3), Рахимбеков Мухаммед (ФК-24-2), Есенгелдин Аслан (ФК-24-2), Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3). Жетекшісі Манат Абзал Ержанұлын және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/