Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жұмысшы мамандығы жылының ашылуы өтті

2025 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жұмысшы мамандығы жылының ашылуы өтті. Онда өндірістік оқыту шебері Оразбекова А.К. студенттерге жұмысшы мамандығы жайлы, бұл жылды жұмысшы мамандығы деп атаудағы артықшылықтары жайлы ақпарат берді.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 28 қаңтар
Республикада бақ сынауда

13 сәуір мен 20 сәуір аралығында Түркістан қаласында өтетін Республикалық “Ұлттық студенттер лигасы” бастау алды. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің студенттері аталмыш лигада футболдан, волейбол және баскетболдан Қарағанды облысының намысын қорғамақ. Студенттеріміз бен жаттықтырушыларына сәттілік тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 қаңтар
Біздің студенттер - Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлдегерлер қатарында

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының үш студенті Қазақстан Республикасының дзюдодан өткен жастар спорт ойнында чемпион атанды. 2025 жылдың 10-12 сәуір аралығында Қостанай қаласында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарында облыс спортшыларының көрсеткіші бойынша Кайрат Аяулым(ДМ-21-3)- 52 кг III орын,Ерғали Томирис (ДМ-22-1)-78 кг I орын,Махатова Руслана(ФК-21-4)-+78 кг I орын. Жалпы командалық есепте Қарағанды облысы- I орынды иеленді. Облыс спортшыларының еншісінде: 6 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде. Студенттерімізді құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 қаңтар
Апталықтың жабылуы

2025 жылғы 11 сәуір күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің акт залында экологиялық сауаттылық апталығының жабылу салтанаты өтті. Шарада апталық бойынша өткізілген шаралар қорытындыланды, ерекшеліктері мен кемшін тұстары аталып өтті. Апталыққа белсенді қатысқан студенттер марапатталды. Жабылу салтанатын ұйымдастырған "Жігер" СП-нің президенті Тикенова Анел мен экологиялық фракция белсенділері. Қамтылған студенттер саны - 75.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 қаңтар
Терроризмге қарсы қорғаныс жолдары

ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-3 бабының талаптарына сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің объектілердің антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз етуге арналған профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің ұжымында "Терроризмге қарсы қорғаныс: негізгі принциптер және қазіргі қауіптер" тақырыбында жаппай оқыту курс өтті. Оқытуды 2025 жылғы 10 сәуір күні Республикалық біліктілік орталығы өткізді.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/