Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Тәжірибе алаңында

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының ИН-23-2 тобы студенттері 11.11-23.12.2024ж күндері аралығында Қарағанды қаласының мектептерінде тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық практикадан өтті. Колледж оқытушысы Демченко А.В-ның жетекшілігімен студенттер сынып сағаттарын, іс-шараларды, үзіліс ойындарын, сондай-ақ шығармашылық және жобалық іс-шараларды өткізу арқылы теориялық және практикалық дайындықтың өте жоғары деңгейін көрсетті . №74 ЖББМ-де "Медиация - білім беру ортасындағы жанжалдарды құқықтық реттеу жолы ретінде" тақырыбында бірлескен жобасына қатысып, оны "Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез - құлықтың алдын алу " тақырыбында колледж педагогтері мен студенттерінің lV облыстық ғылыми-практикалық конференциясына ұсынды. Нәтижесінде студенттер тәжірибеде өздерін өте жоғары деңгейде көрсете білді.


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 26 желтоқсан
Тағылымды кездесу

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Жас қаламгер" жобасы мен "Кітап оқитын ұлт" жобасын жүзеге асыру бойынша әдебиетке құмар, жас қаламгер студенттермен кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жас қаламгер" жобасының модераторы Асхат Қажытай жүргізді. Кездесу еркін форматта өткізілді. Онда студенттер өз оқыған кітаптарымен, сүйікті жазушыларымен, кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісті. Асхат Қажытайұлы кітапты оқуға қызығушылықты арттыру жолдарымен, өзінің кітап оқудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 26 желтоқсан
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Наркомания және оның салдары" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті студенттерге құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері, колледждің құқықтану пәнінің оқытушылары Конакбаева А.Д., Омарова А.К., Сагимбекова А.Б. өткізді. Дәріске тартылған топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, БҚҚ-25-1, Қ-25-1, НО-25-2, ВЕБ-25-2, РПО-24-2, ВЕБ-24-2, ТИБ-23-2, ДМБ-25-1, ДМБ-23-1, БМ-24-1, БМ-24-3, БМБ-24-1, МБ-24-1, М-24-1, ИНФБ-23-1, ДМЖ-23-1, ИНФБ-24-1, МБ-23-1.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 26 желтоқсан
Құрметті әріптестер!

Бүгін ұлық мереке — Ұстаздар күні. Бұл мереке - ел іргесін нығайтар ұрпақ тәрбиелейтін жандардың мерекесі, өз уақытын аямайтын, шәкірт бақытын аялайтын жайсаңдардың мерекесі. Осындай ерекше күнде барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отырып, күш-жігерлеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және қиын болған кезде де бағыт-бағдар нұсқай білгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздық оңай мамандық емес, бірақ сол жолдың қызығы мен қиындығын бірге көтеріп жүрген Сіздерге қажырлы қайрат, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Ізгі тілекпен, Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 26 желтоқсан
Тағы да бір жеңіс

2025 жылғы 1 қазан күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен күзгі әскерилендірілген кростан облыстық жарыста Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері Манарбек Алдияр (ДМЖ-24-1) жүлделі 2-орын иеленсе, Дарханқызы Ханшайым (ШТ-25-1) жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жетекшілері - АӘД пәнінің оқытушысы Бұғыбай Айдос Азаматұлы. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/