Жаңалық
2024 ж. 17 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар! Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды.
Еліміз егемендік алған жылдар ішінде өзін әлем аренасында таныта білді. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. Тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса, бұл күн – ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Ендеше мәртебесі биік Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақстанның кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын. Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Толығырақ