Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар! Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды.
Еліміз егемендік алған жылдар ішінде өзін әлем аренасында таныта білді. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. Тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса, бұл күн – ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Ендеше мәртебесі биік Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақстанның кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын. Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 17 желтоқсан
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 17 желтоқсан
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 17 желтоқсан
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 17 желтоқсан
Тағы бір жетістік

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждер арасында футзалдан өткен турнирде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамы: Туманов Степан(WEB-24-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Қуаныш Дінмаұхаммед (Қ-23-1), Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2/11/), Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Рахатжан Нұршахар (ДМ-24-3), Рахимбеков Мухаммед (ФК-24-2), Есенгелдин Аслан (ФК-24-2), Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3). Жетекшісі Манат Абзал Ержанұлын және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/