Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Педагогтерді аттестаттауға дайындау туралы

2024 жылғы 14 қарашада Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары И.Х. Капанова және оқытушы А. К. Омарованың ұйымдастыруымен "Аттестатталатын педагогті әдістемелік сүйемелдеу" тақырыбында семинары өтті. Семинар мақсаты мен міндеттері:
* педагогтерді аттестаттау ережелерін егжей-тегжейлі ұсыну;
* педагогтердің аттестаттауға дайындығын өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру;
* аттестаттауды сәтті өтуге ынталандыру.
Ирина Хамзеевна педагогтерді аттестаттау процесінің кезеңдерімен, педагогикалық қызметті біліктілік бағалау рәсімінің мазмұнымен, портфолио мазмұнына қойылатын талаптармен таныстырды. Тиімді педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды ұйымдастыру процесі егжей-тегжейлі ұсынылды. Айгүл Қайырбекқызы өз кезегінде сабақтарды бақылау критерийлері және сарапшылардың оларға бару кестесі туралы ақпарат берді. Өзін-өзі бағалау барысында мұғалімдер аттестаттауға дайындық деңгейін атап өтті. Соңында Ирина Хамзеевна рефлексия өткізді, онда педагогтар өткізілген семинардың қажеттілігін, олар үшін берілген ақпараттың маңыздылығын атап өтті.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
Кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Конкурс барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеру деңгейлерін көрсетті. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: 1 модуль – Таныстыру «Мен және қоғам»; 2 модуль – «Әдістемелік жоба және өнімі»; 3 модуль – «Платформалармен жұмыс жасау». Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: – информатика пәнінің оқытушысы Сабитова А.К.; – тарих пәнінің оқытушысы Жанкуатова А.Б.; – биология пәнінің оқытушысы Балабаева К.Ш. Жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алды. Конкурс шарасының ұйымдастырушылары - ЖББП кафедрасы.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
“Таза бөлме” байқауы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жатақханада тұратын студенттері арасында «Таза бөлме» байқауы өтті. Мақсаты - жатақхананың ішкі ережесін және тазалық сақтауға баулу. Ұлдар арасында: 1-орын - 312-бөлме Тайтөлеу Нұрқанат (ШТ-23-3); 2-орын - 517-бөлме Бекмырза Жансерік (ДМ-25-1); 3-орын - 513-бөлме Әділбай Бекарыс (АЖТ-25-1), Мұхамедья Мұхамедияр (АЖТ-25-1). Қыздар арасында: 1-орын - 314-бөлме Кусайын Сымбат (БМ-23-3); 2-орын -508-509-бөлме Сырлыбаева Балнұр (Е-25-1), Сырлыбаева Алия (ИНФБ-25-1/11), Рахимбекова Балнұр (ИНФ-25-1) Рахимбекова Асель (ИНФБ-24-1/11); 3-орын - 303-бөлме Байтена Ангелина (рб-25-2/11/). Жарайсыздар!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
Кураторлық сағаттар өтті

2025 жылғы 10 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай "Мен еліммен мақтанамын!" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өтті. Мақсаты - ел тарихына көз жүгірте отырып, патриоттық рухтары жоғары, елжанды студенттер тәрбиелеу.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қараша
Тағы бір жетістік

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждер арасында футзалдан өткен турнирде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Команда құрамы: Туманов Степан(WEB-24-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Қуаныш Дінмаұхаммед (Қ-23-1), Сабиров Нурслан (ФКТ-23-2/11/), Мейрам Ерназ (ФК-25-4), Рахатжан Нұршахар (ДМ-24-3), Рахимбеков Мухаммед (ФК-24-2), Есенгелдин Аслан (ФК-24-2), Омарбек Мұхаммед (ДМ-25-3). Жетекшісі Манат Абзал Ержанұлын және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/