Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Шахмат пен дойбы ойындарынан турнир өтті

   2024 жылғы 30-31 қазан күндері Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1-курс студенттері арасында шахмат пен дойбыдан турнир өтті. Турнир мақсаты – аталмыш ойын түрінен үздіктерді анықтау. Турнир нәтижесі төмендегідей:
   Ер балалар арасында шахматтан:
1-орын – Нәсіпжан Әлібек (ТЖЭ-23-1)
2-орын – Елеусіз Ансар (ШТ-23-1)
3-орын – Туманов Сергей (WEB-24-1)
   Қыз балалар арасында шахматтан:
1-орын – Кристева Ксения (ФК-21-4)
2-орын – Калилинова Аида (БҚҚ-22-1)
3-орын – Ермұхан Марал (ШТ-24-1)
   Дойбыдан қыздар арасында:
1-орын – Серикбаева Саруар (Қәб 24-1/11/)
2-орын – Хасенова Тазагул (ШТ-24-3)
3-орын – Шевченко Людмила (Р-24-2)

   Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Шараны шахмат-дойбы спорт секциясының жетекшісі Толеуова К.М. ұйымдастырды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Тағылымды кездесу

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде "Жас қаламгер" жобасы мен "Кітап оқитын ұлт" жобасын жүзеге асыру бойынша әдебиетке құмар, жас қаламгер студенттермен кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жас қаламгер" жобасының модераторы Асхат Қажытай жүргізді. Кездесу еркін форматта өткізілді. Онда студенттер өз оқыған кітаптарымен, сүйікті жазушыларымен, кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісті. Асхат Қажытайұлы кітапты оқуға қызығушылықты арттыру жолдарымен, өзінің кітап оқудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары

2025 жылғы 10 қазан күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Наркомания және оның салдары" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті студенттерге құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері, колледждің құқықтану пәнінің оқытушылары Конакбаева А.Д., Омарова А.К., Сагимбекова А.Б. өткізді. Дәріске тартылған топтар: ДМ-25-1, ДМ-25-3, БҚҚ-25-1, Қ-25-1, НО-25-2, ВЕБ-25-2, РПО-24-2, ВЕБ-24-2, ТИБ-23-2, ДМБ-25-1, ДМБ-23-1, БМ-24-1, БМ-24-3, БМБ-24-1, МБ-24-1, М-24-1, ИНФБ-23-1, ДМЖ-23-1, ИНФБ-24-1, МБ-23-1.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Құрметті әріптестер!

Бүгін ұлық мереке — Ұстаздар күні. Бұл мереке - ел іргесін нығайтар ұрпақ тәрбиелейтін жандардың мерекесі, өз уақытын аямайтын, шәкірт бақытын аялайтын жайсаңдардың мерекесі. Осындай ерекше күнде барша ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отырып, күш-жігерлеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және қиын болған кезде де бағыт-бағдар нұсқай білгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздық оңай мамандық емес, бірақ сол жолдың қызығы мен қиындығын бірге көтеріп жүрген Сіздерге қажырлы қайрат, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Ізгі тілекпен, Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 2 қараша
Тағы да бір жеңіс

2025 жылғы 1 қазан күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен күзгі әскерилендірілген кростан облыстық жарыста Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері Манарбек Алдияр (ДМЖ-24-1) жүлделі 2-орын иеленсе, Дарханқызы Ханшайым (ШТ-25-1) жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жетекшілері - АӘД пәнінің оқытушысы Бұғыбай Айдос Азаматұлы. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/