Тағылымды кездесу
Сәуірдің 11 жұлдызында геолог - ғалым, м. ғ. докторы, профессор, академик Қ. И. Сәтбаевтың туған күніне орай Алаш аллеясында ашылған Өлкетану мұражайында тарихшы, ғалым Нұрсахан Ахметқызымен кездесу түрінде тарихи танымдық сағат өтті. Колледжіміздің қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жолкенова Г. Ж. басшылығымен колледждің “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы студенттері барып кездесуге қатысып, тағылымды ғибрат алып қайтты. Мұндай кездесулер жастарға ғалымның өмірі мен еңбектерінен шабыт алып, ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын арттырары сөзсіз. Колледж студенті жас әнші Қасымбек Айбек кездесудің басында қазақ жұртының басынан өткен аса ауыр тарихтың куәсіндей болған «Самалтау» әнін шырқап, тыңдаушыларын сүйсінтті. Кездесу барысында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсахан Ахметқызы, ҚР жазушылар одағының, ҚР журналистер одағының мүшесі, М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімінің кітапханашысы Әлихантанушы ұстаз Тлеуғалы Әміртайұлы, ардагер ұстаз, М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімінің кітапханашысы, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері - Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы академик Қ. И. Сәтбаевтың өмірінен сыр шертті. Тағылымды әңгімелерін тыңдап, тамыры тереңде жатқан тарихпен өмір тарихымен танысты. Кездесулер соңы сыр-сұхбатқа айналды. Кездесу соңында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Жанабай Айтолхын колледж студенттеріне алғысын білдірді.
Толығырақ