2024 жылғы 27 қыркүйекте Қарағанды "Bolashaq " жоғарғы колледжінде 23-27 қыркүйек аралығында өткен облыстық үштілділік апталығының салтанатты жабылуы өтті. Жабылу салтанатына 100 студент қатысты. Әндер, билер, ойындар, өлеңдер, частушкалар іс-шараға ерекше түс пен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бөлім меңгерушісі И. Е. Муканова және кафедра меңгерушілері А.А. Надирова, Г. Ж. Жолкенова конкурстарда жүлделі орындарға ие болған студенттерді марапаттады. Аптаның жабылуын ұйымдастыруға жауапты оқытушылар: Совет М. К., Зейнетулла Г. Е.