Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Президент сайлауы

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Жігер” студенттік парламенті президенттігіне сайлау қорытындысы жарияланды. Президенттік үміткерлер 1 апта көлемінде өздерінің бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 24 қыркүйек күні колледж студенттері өз үміткерлеріне дауыс беріп, таңдауларын жасады. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған ҚӘ-22-1 тобының 3 курс студенті Тикенова Анел "Жігер"студенттік парламентінің президенті болып тағайындалды. Анельге 216 студент дауыс берген. Ал қалған үміткерлердің дауыс жинау нәтижелері төмендегідей:
1. Қасымова Наргиза (БМ-22-1) — 132 дауыс,
2. Айдарбекова Асель (ШТ-23-1) – 115 дауыс,
3. Бондаренко Милана (ФКТ-23-2) – 86 дауыс,
4. Шүленбай Фариза (БМ-23-3) – 69 дауыс,
5. Төлеген Іңкәрім (БМ-23-3) – 58 дауыс,
6. Ануарбек Арайлым (Р-22-2) – 44 дауыс,
7. Қайыржан Аружан (ШТ-23-3) - 41 дауыс,
8. Ахмедова Ғазиза (БМ-23-1) – 22 дауыс.
2024-2025 жылдары "Жігер" Студенттік парламенті жаңа құрамда жұмыс істейтін болады. Барлық колледж студенттерін белсенді болуға шақырамыз. Әр студент колледж өмірін қызықты етуге атсалыса алады. Президент сайлауына қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Колледж оқытушылары - жеңіс тұғырында

2026 жылғы 29 қаңтарда өткен «Ғылыми ізденіс және шығармашылық тәжірибелер» атты республикалық воркшопта «Лингводидактика мен эмоционалды интеллект синтезі болашақ шет тілі мұғалімінің әлеуметтік қабылдауын өзгертудің инновациялық моделі ретінде» тақырыбында үздік шебер класс көрсеткені үшін Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушылары Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовна мен Демченко Алла Викторовна жүлделі 1-орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, төменде көрсетілген мамандықта бес бос орын бар екенін хабарлаймыз:  01140200 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 5АВ01140201 «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2024ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 3 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2023ж.;  01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» орыс тілінде, негізгі орта білім беру негізінде 1 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.;  09230100 «Әлеуметтік жұмыс», біліктілігі 4S09230102 «Әлеуметтік қызметкер» мемлекеттік тілде, негізгі орта білім беру негізінде 1 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж. Хабарландыру 25.08.2026ж. дейін жарамды.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Облыстық «Құқық білгірлері» іскерлік ойнында - І ОРЫН

2026 жылғы 6 ақпанда «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Саран қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыруға бағытталған облыстық «Құқық білгірлері» іскерлік ойыны өтті. Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері — Алина Чехунова, Саюри Ибраева және Софья Липчанская заңнама бойынша терең білімдерін, құқықтық жағдайларда дұрыс бағдар жасай алуын, тәжірибелік кейстерді талдап, негізделген шешімдер қабылдай білу қабілеттерін көрсетіп, І орынға ие болды. Жеңімпаздарды және олардың жетекшісі А.Д. Конакбаеваны жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік жетістіктер тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Колледж волейболшылары - тағы да тұғырда

2026 жылғы 6 ақпан күні "Заң мен тәртіп" тұжырымдама аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының колледж студенттері арасында өткізілген волейбол жарысынан Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған волейбол командасы жүлделі 1-орын иеленді. Сонымен қатар «Үздік байланыстырушы» номинациясын ШТ-24-3 тобының студенті Умбетова Жанель иеленді. Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жетекшілері Сабыров Еркебай Майрамовичті құттықтаймыз!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/