Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Үштілділік апталығы бастау алды

2024 жылғы 23 қыркүйек күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде облыстық үштілділік апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталық 23-27 қыркүйек аралығында өтеді. Апталық аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Олар:
24 қыркүйек - «Ғылым тоғысында: New Generation Changing The World» шағын жобалар байқауы (жауаптылар - Кошкарбаева М.Б., Рем В.В., Құралбай А.Е., Бәкібаева Т.Б., Бекмағанбет А.К.)
25 қыркүйек - “World of languages (Тілдер әлемінде)” VІІ облыстық конкурс (жауаптылар – шет тілдер кафедрасы оқытушылары)
26 қыркүйек - «Environmental issues:problem-finding and solving» байқауының 1-кезеңі Бейнероликтер байқауы; 2-кезеңі ЭкоТрансформация: идеяға айналған қалдықтар (жауаптылар - Шоенбаева С.С., Мажитова А.Н.
26 қыркүйек - «Ғасырлық жаһанданудағы көптілділік» идеялар аукционы (жауапты Махажанова Т.Ж.)
27 қыркүйек – Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Республикалық «Тіл – қазына» дөңгелек үстелі(қатысым)
27 қыркүйек – апталықтың жабылуы.
Ашылу салтанатына жалпы саны 85 студент қамтылды. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Даулетбаева С.К. мен Макетова А.Р. ұйымдастырды.


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
"WorldSkills Karaganda-2025" өңірлік чемпионатында алғыс хат табысталды

2025 жылғы 11 маусымда аталмыш чемпионаттың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталған болатын. Биыл чемпионатқа өңір бойынша 38 колледжден 286 студент қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 148 жүлдегер анықталды, сондай-ақ 40 қатысушы кәсіби шеберлігі үшін медальон иегері атанды. Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, үш 1-орын, бір 2-орын және кәсібилігі үшін медальон иеленіп, өңір колледждерінің ішінде 8-орын иеленді. Колледж директоры Мамраева Гайни Баймагамбетқызына "аймақтық чемпионатты ұйымдастырып, өткізуге белсенді қатысқаны үшін" алғыс хат табысталды. Барша жеңімпаздар мен марапат иелерін құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Құттықтаймыз!

Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылына және Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің 60 жылдығына арналған "60 үздік бағдарламашы" Республикалық онлайн-олимпиадасында Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің студенттерінен құралған команда жүлделі 2-орынға ие болды. Команда құрамы: Мұхамбет Ғани (БҚҚ-23-1), Жанбырбаев Алибек (БҚҚ-23-1), Зейнолла Нұрай (БҚҚ-22-1), Рахимжанова Алуа (БҚҚ-22-1). Жетекшісі - Тусупбаев Аблайхан Тулегенович. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Колледж студенттері - “Worldskills -2025” чемпионатында жеңімпаздар қатарында

2025 жылғы 11 маусым күні облыстық “Worldskills -2025” чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі студенттері чемпионаттың бірнеше құзыреттіліктері бойынша жеіңмпаз атанды. Олар: 1. Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша Нурмагамбетова Аружан (Сарапшысы Бакижанова Ж.М.) жүлделі 1-орын; 2. Мобильді робототехника құзыреттілігі бойынша Совет Мансур, Ғалымжан Әділжан (Сарапшысы Балапан Х.) – жүлделі 1-орын; 3. ⁠Қонақ үй қабылдаушысы құзыреті бойынша Куралова Дильназ (Сарапшысы Муканова И. Е.) – жүлделі 1-орын; 4. Мобильді қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Бейсен Алан (Сарапшысы Манашева М.С.) – жүлделі 2-орын; 5. Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігі бойынша Укибаева Гуллазат (Сарапшысы Еркинова З.А.) кәсібилігі үшін медальон иеленді. Барлық жеңімпаздар мен олардың сарапшыларын құттықтаймыз! Біз Сіздермен мақтанамыз!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 31 қазан
Салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, патриоттық әндер мен күйлер орындалды, флешмоб биленді. Шара мақсаты - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттің егемендігінің айшықты белгісі - рәміздеріміздің мән-маңызын түсіндіру.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/