2024 жылғы 4 қыркүйек күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1-4 курс студенттеріне арналған «Төтенше жағдай және төтенше жағдай оқиғаларына ден қою алгоритмі» кураторлық сағаттары өтті. Кураторлық сағатта төтенше жағдайларға байланысты «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығында көрсетілген барлық іс-әрекет жоспарларымен таныстырылды.