Дене шынықтыру мұғалімі ЖОО студенттерімен және түрлі білім беру мекемелерінің оқушыларымен спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балаларға бөренеде және қоссырықта жаттығулар жасауды, арқанға көтерілуді, тартылуды және тоңқалаң асып домалауды дұрыс жасауды үйретеді, түрлі спорттық ойындардың ережелерін түсіндіреді. Дене шынықтыру мұғалімі сабақтардың қауіпсіздігін және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, бұқаралық спорттық-сауықтыру шараларын өткізеді, нормативтердің тапсырылуын ұйымдастырады, жарыстарға қатысу үшін командаларды қалыптастырады және жаттықтырады, жалпы дене шынықтыру топтарында, спорт секцияларында оқу жұмысын жүргізеді.
Дене шынықтыру мұғалімінің денсаулығы жақсы болуы керек, үнемі өзін формада ұстау үшін денсаулығына күтім жасауы қажет. Ақыл, эстетикалық, экспрессивті, ұйымдастырушылық және әсіресе, коммуникативті қабілеттері болуы керек.
Дене шынықтыру мұғалімінің ерекше қасиеттері мыналар: байқампаздық, төзімділік, шыдамдылық, юморлық сезім, мейірімділік, ұйымшылдық, оптимизм, дербестілік, жауапкершілік, көпшілдік, жанашырлыққа (эмпатия) дайын болуы. Оқушылардың көңіл-күйлерін түсіне білу, олардың жеке және жас қабілеттіліктерін зерделей алу және оны ескере білу маңызды.
Жас дене шынықтыру мұғалімінің орташа жалақысы 70-120 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің дене шынықтыру, биология саласында білімі болуы қажет.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл.
Дене шынықтыру мұғалімінің физикалық дайындығы жақсы, күштік төзімділігі жоғары және денсаулығы мықты болуы қажет. Сондай-ақ сабақтар, спорттық жаттығулар, жарыстар, туристік жорықтар және т.б. кезінде өтетін спорттық ойындар барысында жеке оқушылармен, топтармен, оқушылар ұжымдарымен педагогикалық тұрғыдан орынды қарым-қатынас орната алуы, қолайлы микроклимат тудыруы, оқушыларды өзіне қаратып алуы керек.
Жас маман негізінен педагогикалық қызметке қатысты, оның ішінде ең алдымен сабақтың құрылымын ұйымдастыру және тәрбие беру, оқыту және сауықтыру міндеттерін сауатты құрастыруға қатысты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Осы мамандық оқытушылардың дене тәрбиесінде ғана емес, сонымен қатар спорт түрлерінде (шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, спорттық ойындарда) инновациялық процестерді игеру мен дамыту дағдыларын меңгеруіне бағытталған.
Дене шынықтыру мұғалімінде регламенттелген жұмыс аптасы мен екі айлық ақылы демалысы бар. Негізгі функцияларынан басқа, ол сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөледі (оқушылармен сабақтан тыс уақытта өткізілетін физикалық жаттығулардың ұйымдастырылған сабақтар жүйесі). Оқушылар үшін жауапкершілікті сезіну, мінез-құлқы әртүрлі балалармен жұмыс жасау үлкен психикалық шиеленіске әкеп соғады, сондықтан педагогикалық міндеттерді шешу барысында ерікті күш-жігер мен табандылық қажет.
Дене шынықтыру мұғалімі мамандығының өкілдері еңбек нарығында айтарлықтай сұранысқа ие. Жоғары оқу орындары осы салада көптеген мамандарды дайындайтындығына қарамастан, бүгінгі таңда білікті Дене шынықтыру мұғалімдеріне қажеттілік бар.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек