2026 жылғы 22 қазанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде бірінші курс студенттерінің бейімделу бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Бейімдеу сағаты» атты кураторлардың колледжішілік бейнесабақ байқауы қорытындыланды. Байқау нәтижесі бойынша І орынды МБ-26-1/11 тобының кураторы Еркинова З.А. иеленді. ІІ орын ИНФ-26-1 тобының кураторы Егеубай Н.С.-ға берілді. ІІІ орынмен ШТ-26-1 тобының кураторы Рымбек Н.А. және М-26-3 тобының кураторы Казангапова С.О. марапатталды. Жеңімпаз кураторларды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
«Бейімдеу сағаты» байқауының қорытындысы