Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Ілияс - Республикалық "ҚР колледждерінің ТОП100 студенті" байқауының жеңімпазы

"Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының «Дене тәрбиесі жаттықтырушы-мұғалімі» біліктілігінің ДМЖ-24-1 тобының студенті Балтағазы Ілияс - Республикалық "ҚР колледждерінің ТОП100 студенті" байқауының жеңімпазы атанып, есімі Қазақстанның үздік 100 студенттерінің қатарына енді. Бұл - үлкен жетістік әрі мақтаныш. Ілияс - колледждің белсенді студенті, джиу-джитсу бойынша Қазақстан спорт шеберлігіне үміткер, Grappling бойынша әлем чемпионатында, JJIF нұсқасы бойынша әлем чемпионатында, UWW бойынша Азия чемпионатында, BJJ бойынша Азия чемпионатында, Орталық Азия чемпионатында, Asia Continental турнирінде, тағы да басқа көптеген жарыстарда жүлденің басын бермей жүрген спортшы. Жеңімпазымызды әрі оның жетекшісі Сабитова Анара Кайркеновнаны құттықтап, үнемі үздіктер қатарынан табыла беруін тілейміз.

 

Ильяс — победитель республиканского конкурса «ТОП-100 студентов колледжей Республики Казахстан»

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 27 қазан
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, төменде көрсетілген мамандықта бір бос орын бар екенін хабарлаймыз 01140200 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 5АВ01140201 «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» мемлекеттік тілде, жалпы орта білім беру негізінде 2 курс білім алушылары үшін, оқуға қабылданған жылы 2025ж.. Хабарландыру 31.08.2027ж. дейін жарамды.

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 27 қазан
«Бейімдеу сағаты» байқауының қорытындысы

2026 жылғы 22 қазанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде бірінші курс студенттерінің бейімделу бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Бейімдеу сағаты» атты кураторлардың колледжішілік бейнесабақ байқауы қорытындыланды. Байқау нәтижесі бойынша І орынды МБ-26-1/11 тобының кураторы Еркинова З.А. иеленді. ІІ орын ИНФ-26-1 тобының кураторы Егеубай Н.С.-ға берілді. ІІІ орынмен ШТ-26-1 тобының кураторы Рымбек Н.А. және М-26-3 тобының кураторы Казангапова С.О. марапатталды. Жеңімпаз кураторларды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 27 қазан
МИКАИЛ КОНТЫШЕВ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

2026 жылғы 16–18 қазан аралығында Түркияның Бурса қаласында жас спортшылар арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті. Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің РПО-26-2 тобының студенті Контышев Микаил халықаралық додада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, 🥉 III орынға ие болып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды! Микаилді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстарға жетіп, спорттық биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 🇰🇿🏆

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 27 қазан
Ілияс - Республикалық "ҚР колледждерінің ТОП100 студенті" байқауының жеңімпазы

"Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының «Дене тәрбиесі жаттықтырушы-мұғалімі» біліктілігінің ДМЖ-24-1 тобының студенті Балтағазы Ілияс - Республикалық "ҚР колледждерінің ТОП100 студенті" байқауының жеңімпазы атанып, есімі Қазақстанның үздік 100 студенттерінің қатарына енді. Бұл - үлкен жетістік әрі мақтаныш. Ілияс - колледждің белсенді студенті, джиу-джитсу бойынша Қазақстан спорт шеберлігіне үміткер, Grappling бойынша әлем чемпионатында, JJIF нұсқасы бойынша әлем чемпионатында, UWW бойынша Азия чемпионатында, BJJ бойынша Азия чемпионатында, Орталық Азия чемпионатында, Asia Continental турнирінде, тағы да басқа көптеген жарыстарда жүлденің басын бермей жүрген спортшы. Жеңімпазымызды әрі оның жетекшісі Сабитова Анара Кайркеновнаны құттықтап, үнемі үздіктер қатарынан табыла беруін тілейміз. Ильяс — победитель республиканского конкурса «ТОП-100 студентов колледжей Республики Казахстан»

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/