Ілияс - Республикалық "ҚР колледждерінің ТОП100 студенті" байқауының жеңімпазы
"Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының «Дене тәрбиесі жаттықтырушы-мұғалімі» біліктілігінің ДМЖ-24-1 тобының студенті Балтағазы Ілияс - Республикалық "ҚР колледждерінің ТОП100 студенті" байқауының жеңімпазы атанып, есімі Қазақстанның үздік 100 студенттерінің қатарына енді. Бұл - үлкен жетістік әрі мақтаныш. Ілияс - колледждің белсенді студенті, джиу-джитсу бойынша Қазақстан спорт шеберлігіне үміткер, Grappling бойынша әлем чемпионатында, JJIF нұсқасы бойынша әлем чемпионатында, UWW бойынша Азия чемпионатында, BJJ бойынша Азия чемпионатында, Орталық Азия чемпионатында, Asia Continental турнирінде, тағы да басқа көптеген жарыстарда жүлденің басын бермей жүрген спортшы. Жеңімпазымызды әрі оның жетекшісі Сабитова Анара Кайркеновнаны құттықтап, үнемі үздіктер қатарынан табыла беруін тілейміз.
Ильяс — победитель республиканского конкурса «ТОП-100 студентов колледжей Республики Казахстан»
Толығырақ