Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы
2026 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығының 2022 жылғы түлегі, «WorldSkills Kazakhstan - 2021» чемпионатында "Мобильді робототехника" құзіреттілігі бойынша күміс жүлдегері Қоңыртаев Ерсағынмен кездесу өтті. Ерсағын колледж қабырғасында жүріп, өз мамандығы бойынша үздік түлек атанған. Ол 2022 жылы Astana IT University «Бағдарламалық инженерия» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыста оқып, қазіргі таңда магистратурада білім алуда. Студенттермен кездесу барысында Ерсағын қазіргі кездегі IT мамандықтар туралы ақпарат беріп, өзекті мәселелерге тоқталды. Осы саладаға өзінің тәжірибесімен бөлісті. Колледжде алған білімнің болашақтағы ықпалы жоғары екенін айтып, колледж басшылығы мен оқытушыларына алғыс білдірді.
Толығырақ2026 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттеріне «Трихофития және қызылша аурулары: этимологиясы, емі және профилактикасы» профилактикалық дәріс оқылды. Мақсаты - студенттерге трихофития ауруы мен қызылша ауруының этимологиясы мен эпидемиологиясы, емі мен профилактикасы туралы ақпарат беру. Дәрісті №1 студенттік емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Арын Ақнұр Қайдарбекқызы оқыды. Қатысқан топтар: БМ-22-1, БМ-22-3, М-22-1.
Толығырақ2026 жылдың 15 қаңтары күні Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінің студенттеріне "Қызылша ауруының алдын алу" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті Қазыбек би атындағы ауданның санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының бас маманы Б.А.Рамазанова оқыды. Дәрісте қызылша ауруы, оның жұғу жолдары мен салдары, сондай-ақ, ЖРВИ және тұмаудың алдын алу, менингокок инфекциясы турала да ақпараттар берілді. Дәріске "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 3-курс студенттерінен 29 студент қатысты.
Толығырақ2026 жылғы 14 қаңтар күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы оқытушыларына арналған «Тәжірибелі педагогтің soft skills дағдылары: икемділік, креативтілік, көшбасшылық» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәжірибелі педагогтердің кәсіби қызметінде маңызды саналатын soft skills дағдыларын дамыту, өзгермелі білім беру ортасына бейімделу қабілеттерін арттыру және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру болды.Тренинг барысында қатысушылар икемділік пен креативті ойлаудың маңызын талқылап, тиімді коммуникация, командалық жұмыс және көшбасшылық дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Практикалық тапсырмалар мен өзара пікір алмасу педагогтердің кәсіби тәжірибесін байытып, жаңа идеялар қалыптастыруға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар тренингтің мазмұнды ұйымдастырылғанын атап өтіп, алдағы уақытта осындай мазмұнды әрі пайдалы тренингтер жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді.
Толығырақ