2026 жылғы 29 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі «Ақ жол, жас түлек!» диплом тапсыру салтанатты кешінде кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі жоғары деңгейде көрсете алған, ғылым, өнер және басқа да салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен колледж түлектерін ынталандыру мақсатында өтетін дәстүрлі «Үздік түлек» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының үздік түлегі Укибаева Гуллазат
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының үздік түлегі Касимова Наргиза
«Спорт бойынша жатықтырушы-мұғалім» мамандығының үздік түлегі Бондаренко Милана
«Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығының үздік түлегі Әли Жұлдыз-Ай
«Есеп және аудит» мамандығының үздік түлегі Ысқақова Сабина
«Ақпараттық қауіпсіздік технигі» мамандығының үздік түлегі Габдулла Адильжан. Сонымен қатар Адильжанға колледж үшін Telegram-бот пен оқытушылардың қызметін мониторингтеуге арналған платформаны әзірлегені үшін колледж әкімшілігі 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат табыста
«Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы» мамандығының үздік түлегі Мұхамбет Ғани
«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының үздік түлегі Мартбек Мөлдір
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының үздік түлегі Ермекқызы Мадина
«Шетел тілі мұғалімі» мамандығының үздік түлегі Игнатенко Мария
«Құқықтану» мамандығының үздік түлегі Сайлау Нұрдәулет
«Информатика» мамандығының үздік түлегі Таутай Тайырхан
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының үздік түлегі Киікбай Ералы.
«Колледждің ең үздік түлегі - 2026» атағын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының түлегі Тикенова Анель иеленді. Бұл түлек есімдері колледждің Құрмет кітабына енетін болады. Құтты болсын!
«Үздік түлек - 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды