Колледж мұражайының салтанатты ашылуына әр жылдары білім алып, бүгінде түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген түлектеріміз қатысты. Құрметті қонақтар мұражай экспозицияларымен танысып, студенттік кезеңдегі жарқын естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараға арнайы келген түлектер:
- Байбосынов Серикжан Берикбаевич – 2003 жылғы «Қаржы» мамандығының түлегі, PhD докторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері (2026 жыл);
- Жумадильдин Муратбек Сеилбекович – 2004 жылғы «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының түлегі, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК директоры;
- Әбдіразақова Мақпал – 2006 жылғы «Құқықтану» мамандығының түлегі, Қазақстандағы алғашқы бүркітші қыз, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы;
- Альжанова Амина Маратовна – 2006 жылғы «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының түлегі, «ГИД Consult» ЖШС – 1С бухгалтерлік қызмет көрсету компаниясының директоры;
- Ильясов Алдияр Жуматаевич – 2009 жылғы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының түлегі, Қарағанды қаласының №73 негізгі орта мектебінің директоры;
- Кульмагамбетова Динара Сериковна – 2013 жылғы «Аударма ісі» мамандығының түлегі, Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің жалпы бөлім және хаттама бөлімінің маманы;
- Оралов Ақжігіт – 2017 жылғы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлегі, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
- Салықова Ажар – 2017 жылғы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлегі, дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері және бірнеше дүркін чемпионы, қазақ күресінен спорт шебері және Қазақстан Республикасының чемпионы.
Түлектеріміздің кәсіби жетістіктері – колледжіміз үшін үлкен мәртебе әрі бүгінгі студенттерге үлгі. Кездесу барысында олар колледж ұжымына ақ тілектерін білдіріп, жас ұрпақты білімге, табандылыққа және мамандыққа адал болуға шақырды. Құрметті түлектерімізге мұражайдың ашылуына қатысып, колледж тарихының жаңа парағына ортақтасқандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!