Спорт жаттықтырушысы - оқытушы

4S01140503
52821 қаралым

Сипаттама

Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушы - спортшыларға тәрбие беретін және оларды жарыстарға дайындайтын маман. Спортта оқыту "жаттығулар процесінде" жүргізіледі. Жаттықтырушы жұмысының негізгі мақсаты - ең жоғары рангтегі жарыстарда жеңіске жете алатын жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау. Жаттықтырушы үшін оқушының жеке тұлғасын сақтау немесе тіпті қарқынды жүктемелер кезінде қайта қалыптастыру, спорттық қызметте әркімнің даралығы өз көрінісін тапқанына ықпал ету аса маңыздырақ. Сондықтан жаттықтырушы дәрігерлермен, физиологтармен, психологтармен және басқа да мамандық өкілдерімен үнемі байланыста болады.

Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушы қамқорындағы балаларға шыдамды және әдепті болуы керек, ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, жауапты, күш-қуаты төзімді болуы тиіс.  Маңызды қасиеттері - спортқа деген сүйіспеншілік, мақсаттылық, жүйелілік, атаққұмарлық және шыдамдылық, әділеттілік, өз нәтижелері мен оқушыларының жетістіктеріне баға беруде объективтілік, өзін-өзі жетілдіруге даярлық.

Жас жаттықтырушының орташа жалақысы 140 мың теңгеден басталады.

Жаттықтырушы жаттығу әдістерін меңгеруі тиіс, дене шынықтыру, биология негіздерін білуі керек. Спорт әлемінде не болып жатқанынан да хабардар болуы тиіс. 

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 4-5 жыл.

Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушы білім алушылардың дене шынықтыру оқуын жоспарлайды және жүргізеді, сондай-ақ әуесқой және кәсіби спортшылармен олардың спорттық жетістіктерін жақсарту, спорттағы бұқаралық шараларға қатысуына жәрдемдесу үшін жұмыс жасайды, жекелеген спортшылар мен командалардың спорттық жетістіктері мен нәтижелері тіркелетін құжаттаманы ресімдейді, сондай-ақ белгіленген қағидаларға сәйкес спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу кезіндегі міндеттерді ұйымдастырады және орындайды.

Жас маман қамқорындағы балалардың денсаулығына қатысты, спортта алатын кішігірім жарақаттарын емдеу мен оған алғашқы көмек көрсету сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Жаттықтырушының іс жүзінде нормаланған жұмыс күні жоқ. Спорттың алуан түрлілігі оның еңбек жағдайының алуан түрлілігін де талап етеді. Мысалы спорттың техникалық түрлері бойынша жаттықтырушыларға аэродромдарда, автодромдарда, жарысу алаңдарында, арнайы трассаларда қызмет ету тән. Жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушылар жазда ашық аспанда, ал қыста залдарда, манеждерде, жабық стадиондарда жұмыс істейді. Альпинисттер жылдың кез-келген уақытында биік тауларда, ал хоккейшілер мен сырғанаушылар жабық мұз айдындарында және т.б. жаттығады. Жарыс кезінде жаттықтырушылар жоғары жүйке күйзелісіне шалдығады. Ұзақ мерзімді іссапарларға: жарыстар мен жиындарға жиі барады.

Осы мамандық еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болуға, спорттық жарыстарға үнемі қатысуға, әрдайым жаңа нәрселерді үйренуге мүмкіндік береді. Жаттықтырушы өзінің тәрбиеленушілерін оқытады және шеберліктерін жетілдіруге көмектеседі. Тіпті талантты және тәжірибелі спортшылар өз жетістіктері үшін жаттықтырушыларының алдында қарыздар. Кейбір жаттықтырушылар бұқаралық спортта жұмыс істейді. Өзгелері болашақ жұлдыздарды дайындаумен айналысады, өйткені қарапайым балалар спорт секциясынан да талантты спортшыны табу мүмкінкіндігі бар. Алайда бұл үшін арнайы жаттықтырушылық талант қажет.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

180
Орындар саны
6
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Немесе сонымен қатар оқуға болатын колледждердің парақшаларын қарау

Бастауыш білім беру мұғалімі

4S01140101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай

Спорт жаттықтырушысы - оқытушы

4S01140503
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай

Спорт жаттықтырушысы - оқытушы

4S01140503
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай

Спорт жаттықтырушысы - оқытушы

4S01140503
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай

Қайда жұмыс істеуге болады

Спорт сарайы, балалар спорт клубтары, спорт мектептері мен мектеп-интернаттар

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/