Заңгерлер патенттік жұмысты және авторлық құқықтарды қорғауды қоса алғанда,
клиенттерге мәселелердің кең шеңбері бойынша заңдық консультация береді, заңдық
құжаттарды жасайды, әкімшілік кеңестерде немесе сот төрелігінде клиенттердің
мүдделерін білдіреді, сотта қорғау және айыптау бойынша істерді жүргізеді, сондай-ақ
жоғары инстанция соттарында сөз сөйлейтін адвокаттарға нұсқау береді.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− клиенттерге мәселелердің кең шеңбері бойынша заңдық консультация беру және
клиенттердің заңдық мүдделерін бизнесте ұсыну;
− белігілі бір істерге байланысты заңдық қағидаттарды, заңнамалық актілерді және
алдыңғы сот шешімдерін зерттеу, патенттік-ақпараттық зеттеулерді кешенді жүргізу;
− іс бойынша фактілерді тексеру үшін клиенттермен және куәгерлермен әңгімелесулер
жүргізу сияқты құралдардың көмегімен сотта қорғауды әзірлеу немесе сот процесін
қозғау үшін дәлелдерді жинау;
− тараптар жарыссөздеріне дайындалу барысында алынған нәтижелерді бағалау және
стратегияларды және дәлелдерді әзірлеу;
− контрафактілі өнімге және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі іс-шараларға
сарапшы ретінде қатысу;
− жалпы заң құзыреті соттарында, сот төрелігі органдарында және әкімшілік кеңестерде
клиенттердің істері бойынша қорғауды жүзеге асыру немесе жоғары инстанция
соттарында сөз сөйлейтін адвокаттарға нұсқау беру;
− істерді қабылдау және жоғары инстанция соттарында сөз сөйлеу;
− мемлекет атынан айыптаушы ретінде сөз сөйлеу;
− құқықтық даулар тудыратын мәселелер бойынша келісімге қол жеткізу туралы
келіссөздер жүргізу;
− ағымдағы заңнама негізінде заңдар жобаларын жасау және үкіметтік қаулыларды
дайындау;
− келісімшарттар, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер және өсиеттер сияқты заңдық
құжаттарды құрастыру, сондай-ақ заңдық қорытындыларды дайындау.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек