Біз туралы

Іргетасы 2000 жылы қаланған Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі - білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделері үшін жұмыс жасайтын заманауи білім беру жүйесі, ашық ақпараттық орта және заманауи инфрақұрылымы бар оқу орны.
2018 жылы 15 қарашада колледж «жоғарғы колледж» мәртебесін алып, қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.
Колледж өзінің 20 жылдық тарихында өз білім алушыларына терең кәсіби білім мен шығармашылық және спорттық қабілеттерін барынша дамытуға мүмкіндік беретін аймақтағы, республикадағы оқу орындарының біріне айналды.
Осы жылдар ішінде колледж Қарағанды облысында тұрақты бәсекелі позицияны иеленіп, халық пен қоғам арасында өзінің имиджін қалыптастырды. «Талап» КеАҚ-ның ұйымдастыруымен өткізген 2019 жылғы ұлттық рейтинг нәтижелерінің төмендегі көрсеткіштері колледждің жоғары бәсекеге қабілеттілігін айғақтай алады:
-    республиканың үздік 10 колледжі құрамына енді (жалпы рейтингте 10 орын);
-    екінші орын - республиканың көпсалалы колледждері арасында;
-    үшінші орын - республиканың жеке меншік колледждері арасында; 
-    бірінші орын - Қарағанды облысының көпсалалы колледждерінің арасында;
-    екінші орын -Қарағанды облысының колледждері арасында. /https://kasipkor.kz/rank19/?lang=ru/
Колледжде жоғары білікті оқытушылар құрамы, яғни 1 ғылым кандидаты, 18 магистр, 36 жоғары санатты мұғалім, 3 педагог - зерттеуші, 18 бірінші санатты оқытушы жұмыс жасайды.
Мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз етудің бір жолы – оқу орнының материалдық-техникалық базасы. Студенттер үшін заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, қоры мол кітапхана, интернет-зал, мобильді робототехника бойынша құзыреттілік орталығы, «Батыр» спорткешені, шағын стадион, «Рухани жаңғыру» жастар орталығы бар.
Теориялық білімді нығайту және оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында колледж барлық студенттерді өндірістік практика орындарымен 100 пайыз қамтамасыз етеді. 
Қарағанды мен облыстағы мектептер, балабақшалар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, облыстық сот, «Казтранском», «АЭРО Қарағанды» кәсіпорындары, №1 тәжірибелік жиһаз фабрикасы және басқа ұйымдар тәжірибеден өтудің негізгі базалары болып табылады. Осы жылдар ішінде колледж бен әлеуметтік серіктестер арасында тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнады. Тәжірибе барысында алынған кәсіби құзыреттіліктер мен дағдылар колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал етіп келеді.
Студенттердің шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында домбыра, вокал, «Кербез» хореография үйірмелері, «Серпін» поэзия клубы, «Жас сарбаз» патриоттық клубы, «Жастар» дебат клубы, КВН командасы, футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат спорт клубтары ақысыз негізде жұмыс істейді.
Колледжде «Жігер» студенттік парламенті бар. Оның мақсаты - студенттердің табысты әлеуметтенуі мен студенттердің өзін-өзі дамытуын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, студенттерге туындайтын мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік беру, сонымен қатар колледж жастарының әртараптандырылған дамуына көмек көрсету , олардың бастамаларын қолдау және рухани, мәдени, білім беру және кәсіби әлеуетін қалыптастыру. 

 

Колледжде күндізгі, сырттай оқыту ұйымдастырылады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Біліктілік деңгейі – орта буын маманы, қолданбалы бакалавр. Колледж келесі мамандық  бойынша мамандар дайындайды:

01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», түлектің біліктілігі –  4S01120102  «Мектепке дейінгі  тәрбие  мен оқыту ұйымдарының  тәрбиешісі», 5AB01120101 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытытудың  қолданбалы бакалавры»
01140500 «Дене тәрбиесі және спорт», түлектің біліктілігі –  4S01140501 «Дене тәрбиесі   мұғалімі»

01140500 «Дене тәрбиесі және спорт», түлектің біліктілігі - 4S01140503 «Спорт жаттықтырушысы - оқытушы».
01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», түлектің біліктілігі –  
4S01140101  «Бастауыш білім беру мұғалімі»
01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», түлектің біліктілігі –  
   4S01140601  «Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі»
   4S01140602  «Орыс тілі және әдебиет мұғалімі»
   4S01140605   «Шетел тілі мұғалімі»
   5AB01140303 «Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» 
01140700 «Информатика», түлектің біліктілігі –  4S01140701  «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі» 
04210100 «Құқықтану», түлектің біліктілігі –   4S04210101 «Заңгер»

09230100 «Әлеуметтік жұмыс», түлектің біліктілігі –    4S09230102 «Әлеуметтік қызметкер»
04110100 «Есеп және аудит», түлектің біліктілігі –      4S04110102  «Бухгалтер»
06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», түлектің біліктілігі –   
   4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы», 4S06130105 «Ақпараттық жүйелер технигі»
07140900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», түлектің біліктілігі –   3W07140901 «Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші»

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінім қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Дене тәрбиесі мұғалімі

4S01140501
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып:

Бастауыш білім беру мұғалімі

4S01140101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып:

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

4S01140602
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Шетел тілі мұғалімі

4S01140605
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры

5AB01120101
Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 36 ай

Бухгалтер

4S04110102
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып:
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып:

Социальный работник

4S09230102
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып:

Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры

5AB01140303
Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 36 ай

Заңгер

4S04210101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып:
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып:

Учитель казахского языка и литературы

4S01140601
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Web дизайнер

3W06130102
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры

5AB01140101
Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін:

Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры

5AB01140201
Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін:
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай

Ақпараттық қауіпсіздік технигі

4S06120202
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Спорт жаттықтырушысы - оқытушы

4S01140503
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып:
11 сынып:
Барлық бағдарламалар (21)

Сен үйренесің

Сурет пен бейне

Барлық медиа

Очень хороший тест, всегда поможет, я всегда хотела стать учителем русского языка!

Бізді қалай таба аласыз

+77212339039
kkao_bolashak@mail.ru
г. Караганда, Муканова, 30 Мекен-жайды картада көрсету
https://bolashaq.mycollege.kz/